🌱 World Cleanup Day / Дүниежүзілік тазалық күні

    🌱 World Cleanup Day / Дүниежүзілік тазалық күні

    Дүниежүзілік тазалық күні аясында Ертіс ауылдық округінде аумақты абаттандыруға бағытталған экологиялық акция өтті.

    Прапорщиково ауылының кіреберісінде қайың көшеттері отырғызылды. Көшеттер ойын-сауық футбол алаңының бойына, жол жиегі мен алаңнан қажетті арақашықтық сақтала отырып орналастырылды.

    Айта кетейік, осы аумақта бұған дейін, сәуір айында шырша көшеттері отырғызылған болатын. Бүгін қайың көшеттері бұрын отырғызылған шыршалардың аралықтарына орналастырылып, аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жалғастырылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Ертіс ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары