«Менің жазғы каникулым» жобасы аясында 12,6 мыңнан астам оқушы мен студент жұмысқа орналасты

    «Менің жазғы каникулым» жобасы аясында 12,6 мыңнан астам оқушы мен студент жұмысқа орналасты
    Қазақстанда екінші жыл қатарынан «Менің жазғы каникулым» жобасы іске асырылуда. Жоба жазғы демалыс кезінде оқушылар мен студенттердің заңды әрі қауіпсіз еңбекпен қамтылуына қосымша мүмкіндік береді. Жобаның негізгі құралдарының бірі – Enbek.kz Электрондық еңбек биржасындағы «Менің жазғы каникулым» арнайы бөлімі. Оның көмегімен оқушылар қолжетімді бос жұмыс орындарымен танысып, түйіндемесін орналастырып, өздеріне қолайлы уақытша жұмысты өз бетінше таңдай алады, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қосшы қаласының мәслихаты" жаңалықтары