Алматыда «Сырлы әлемнің қырлары» халықаралық симпозиум-пленэрі қорытындыланды

    Алматыда «Сырлы әлемнің қырлары» халықаралық симпозиум-пленэрі қорытындыланды

    Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында көрнекті суретші Орал Таңсықбаевтың шығармашылық мұрасына арналған «Сырлы әлемнің қырлары» II халықаралық суретшілер симпозиум-пленэрінің қорытынды көрмесі ашылды.

    Көрмеге Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан аумағында үш ай бойы өткен арт-экспедиция кезінде салынған кескіндеме туындылары мен этюдтер қойылды. Жеті елден келген 40-тан астам суретші Орталық Азияның табиғаты мен мәдени кеңістігін өзіндік қолтаңбасымен бейнеледі.

    Жоба қорытындысында суретшілер бірқатар туындысын Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрына сыйға тартты. Олар театрдың көркемдік қорын толықтырады.

    Симпозиумға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Амандос Ақанаев, Өзбекстан, Қырғызстан және Әзербайжанның халық суретшілері бастаған бейнелеу өнерінің танымал шеберлері қатысты.

    ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі" жаңалықтары