
Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі ТМД-ға мүше елдердің Мемлекетаралық экологиялық кеңесінің (ТМДМЭК) жұмысына онлайн-форматта қатысты.
2026 жылы ТМДМЭК-ке төрағалық етуді Қазақстан Республикасы жүзеге асырады. ТМДМЭКТМД елдерінің қоршаған ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану саласындағы ынтымақтастығының салалық органы болып табылады. Кеңес құрамына аталған мемлекеттердің табиғатты қорғау органдарының басшылары кіреді.
ТМДМЭКотырыстары жыл сайын өткізіледі және экологиялық саясаттың басым бағыттарын талқылауға, сондай-ақ ынтымақтастықтың одан әрі бағыттарын айқындауға арналған алаң болып табылады.
Бүгін ТМД МЭКжұмысы аясында қазақстандық тараптың төрағалығымен ТМДмемлекеттерініңэкологиялық ынтымақтастығының негізгі бағыттары, оның ішінде қалдықтармен жұмыс істеу, экологиялық саланы цифрландыру, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, климаттың өзгеруі,«Жасыл»экономика мен тұйық цикл экономикасын дамыту, сондай-ақ жарамсыз пестицидтермен қауіпсіз жұмыс істеу мәселелері бойынша мәселелер қаралды.






