
Құрылыс, көлік, коммуналдық шаруашылық және аграрлық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы құрылыс бөлімінің есебі мен 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстарын қарап шықты.
Құрылыс жұмыстары мен тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған көлемнен артығымен орындалды, сондай-ақ Бәйтерек көшесі бойынша кәріз жүйесін салу жұмыстары жалғасуда. Әлеуметтік осал топтар үшін тұрғын үй сатып алу бағдарламасы аясында қажетті пәтерлер алынып, қосымша қаражат бөлінген жағдайда тағы да пәтерлер сатып алу мүмкіндігі қарастырылған. Инженерлік желілерді салу жобасы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға жолданды. Алдағы жылыту маусымына дайындық аясында қазандықтар жөнделіп, қажетті жабдықтар сатып алынды, магистральдық және орамішілік жылу, су, кәріз және электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, инженерлік желілердің тозу деңгейі төмендетілді, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің басым бөлігі қысқы маусымға толықтай дайындалды. Қорытындылай келе алдағы тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысына дейін есептерді толықтырып, нақтылау ұсынылды.








