18 қыркүйекте Ұлытау облысының Әділет департаменті қызметкерлерімен Ұлытау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында кезекті құқықтық түсіндірме негізінде семинар өткізді. Іс-шараға аталған басқармаға қарасты мемлекеттік мәдениет және өнер ұйымдарының басшылары қатысты.

    18 қыркүйекте Ұлытау облысының Әділет департаменті қызметкерлерімен Ұлытау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасында кезекті құқықтық түсіндірме негізінде семинар өткізді. Іс-шараға аталған басқармаға қарасты мемлекеттік мәдениет және өнер ұйымдарының басшылары қатысты.
    Жиынның басты мақсаты — театр, концерттік қызмет және әдеби шығармашылық саласындағы зияткерлік меншік пен авторлық құқықты қорғаудың заңнамалық негіздерін түсіндіру, сондай-ақ мемлекеттік мәдениет мекемелерінде заң бұзушылықтардың алдын алу.
    Семинар барысында Әділет департаментінің мамандары келесі негізгі бағыттарға тоқталды:
    Театр өнеріндегі авторлық құқық: Спектакльдер мен пьесаларды қою, режиссерлік және сценографиялық туындыларды пайдалану кезіндегі құқықтық реттеу ерекшеліктері.
    Концерттік қызмет және музыка: Музыкалық шығармаларды көпшілік алдында орындау кезіндегі лицензиялық келісімшарттар, роялти төлеу тәртібі және авторлардың мүліктік құқықтарын қорғау.
    Әдеби шығармашылық пен баспа ісі: Әдеби туындыларды пайдалану заңдылығы, плагиатқа жол бермеу және авторлармен жасалатын шарттардың құқықтық қыр-сыры.
    Іс-шара соңында Ұлытау облысы Әділет департаментінің қызметкерлері мәдениет және өнер мекемелері басшыларының сұрақтарына жауап беріп, авторлық құқық саласындағы заңнама талаптарын қатаң сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар берді. Қатысушылар шығармашылық индустрияны дамытуда мемлекеттік органдардың осындай құқықтық қолдау көрсетуі маңызды екенін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары