Сәкен Займолдин Ойыл ауданының әкімі болып тағайындалды

    Сәкен Займолдин Ойыл ауданының әкімі болып тағайындалды

    Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен және Ойыл аудандық мәслихаты депутаттарының келісімі негізінде Сәкен Ғазизұлы Займолдин Ойыл ауданының әкімі болып тағайындалды.

    🔵 Сәкен Займолдин 1974 жылы Ойыл ауданында дүниеге келген. Жоғары білімді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе университетін «Дене тәрбиесі және биология», Мәскеу технологиялық институтын «Менеджмент» мамандықтары бойынша тәмамдаған.

    Еңбек жолын 1997 жылы Ойыл кәсіптік-техникалық лицейінде бастаған.

    Әр жылдары Ойыл аграрлық колледжінде, Қараой ауылдық округінің әкімі, 2020-2021 жылдары «Nur Otan» партиясының Ойыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерінде болды.

    2021 жылдан осы уақытқа дейін Ойыл аудандық мәслихатының хатшысы, төрағасы қызметін атқарып келді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ойыл ауданы әкімдігі" жаңалықтары