"Таза Қазақстан" акциясы

    "Таза Қазақстан" акциясы
    ЕГІНДІ АУЫЛЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА 🧹🌿
    Егінді ауылы аумағын абаттандыру және санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
    Жұмыс барысында көшелердің тазалығына ерекше назар аударылып, жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы орындарға шығарылды.
    Таза әрі көрікті аула қалыптастыру – баршамызға ортақ міндет. Ауыл тазалығын сақтау үшін әрбір тұрғын қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, қоқысты белгіленбеген орындарға тастамауы маңызды.
    Ауылымыздың көркеюіне бағытталған абаттандыру және тазалық жұмыстары алдағы уақытта да жалғасын табады.
    Тазалық – тәртіптің бастауы! Туған қаламызды бірге таза ұстайық!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар