Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті·Жаңалықтар мұрағаты

Бейнематериалымыздың кейіпкері теміржол саласында 20 жылдан астам уақыт еңбек етіп келеді. Соңғы төрт жылын «Штадлер Қазақстан» ЖШС өндірісінде өткізді. Бір кездері теміржолға деген қызығушылығы оның кәсіби жолын таңдауға себеп болса, бүгінде жинаған тәжірибесін жас мамандарға үйретіп келеді.
Астанадағы зауытта қазақстандық мамандар жолаушылар вагондарын өндірудің барлық кезеңіне қатысады. Олар болат корпустарды дәнекерлеп, бояудан бастап, пневматикалық және электр жүйелерін орнатуға, вагондардың барлық түрін құрастырып, іске қосуға дейінгі жұмыстарды атқарады.
Instagram | Facebook | Aitu | Threads | YouTube






