Қалалық сот судьяларымен телевизиялық форматта кездесу

    Қалалық сот судьяларымен телевизиялық форматта кездесу

    Қолданыстағы заңнамаға енгізілген өзгерістер, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен Павлодар қалалық сотының азаматтардың зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырумен байланысты істерін қарау бөлігінде өзара іс-қимылы мәселелері 2026 жылғы 12 қыркүйекте облыстық телевизия эфирінде, "ОйLike"бағдарламасында талқыланды.

    Бағдарламаға Павлодар қалалық азаматтық істер сотының судьялары Нұргүл Жұмабекқызы, Бақыт Карина, "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" АҚ Павлодар филиалының басшысы Айгүл Капенова, Департаменттің әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру бөлімінің басшысы Евгений Губарев қатысты. Құқықтық маңызы бар фактілерді анықтау, мемлекеттік ақпараттық жүйелерді белсенді енгізу және интеграциялау және осы деректерге сүйене отырып, азаматтарға белгілі бір әлеуметтік төлемдерге құқықты қалыптастыру бойынша құқық қолдану практикасының әртүрлі мәселелері талқыланды.

    Қалалық соттың өкілі спикерлер өз сөздерінде атап өткендей, көтерілетін мәселелердің өзектілігі зор, ұсынылатын және қаралатын өтініштер санының өсуі байқалады. Көтерілетін мәселелер бойынша азаматтардың хабардар болуын арттыру туындайтын дауларды сотқа дейін қарау шеңберінде оларды шешуге ықпал етуге тиіс. Департамент, "МӘСҚ" АҚ өкілдерінің егжей-тегжейлі түсіндірмелері телевизиялық бағдарлама форматымен шектелген, сондықтан көрермендерге ресми сайттар мен әлеуметтік желілердегі ақпаратпен танысу бойынша ұсыныстар берілді.

    ERTIS TV / Ертіс телеарнасы

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті" жаңалықтары