
2026 жылғы 17 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларында жария тыңдаулар өтті. Жария тыңдауға аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары мен мамандары, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері, БАҚ өкілдері шақырылды. Күн тәртібінде "Ssang Yong Kyron маркалы жеңіл автокөлікті жекешелендіру (2012 жылы шығарылған, мемлекеттік нөмірі F145AV)" мәселесі болды.
Қаржы бөлімінің басшысы Н.В. Троеглазова жария тыңдаулардың күн тәртібі бойынша сөз сөйледі, содан кейін қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Тыңдауларды өткізу қорытындысы бойынша тұрақты комиссиялар жария тыңдауларды бірауыздан өтті деп таныды және аталған автокөлік құралын жекешелендіру туралы ұсынысты қолдады.
Жария тыңдаулардың қорытындысы бойынша хаттама дайындалды.









