Денсаулық сақтау министрлігі стационарларда пациенттермен коммуникацияны ыңғайлы етуге бағытталған цифрлық сервистерді енгізуді жалғастыруда

    Денсаулық сақтау министрлігі стационарларда пациенттермен коммуникацияны ыңғайлы етуге бағытталған цифрлық сервистерді енгізуді жалғастыруда


    eGov.kz порталында және eGov Mobile қосымшасында сенім білдірілген үшке дейінгі контактіні алдын ала көрсетуге болады. Олар пациент ауруханаға түсіп, жақындарымен өз бетінше байланыса алмаған жағдайда тиісті хабарлама алады.
    Сервисті қосу үшін eGov порталынан «Емдеуге жатқызылған жағдайда хабардар ету үшін сенім білдірілген контактілерді тіркеу» қызметін таңдап, сенім білдірілген адамның ЖСН-ін көрсету қажет.
    Сенім білдірілген контакт 18 жастан асқан және Мобильдік азаматтар базасында тіркелген болуы тиіс.
    eGov Mobile қосымшасында сервис мына бөлімде қолжетімді: «Мемлекеттік қызметтер» → «Денсаулық сақтау».
    Сервис тегін және шұғыл түрде емдеуге жатқызылған жағдайда кімге хабарлау қажеттігін алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі" жаңалықтары