
Жетісу облысында Дүниежүзілік тазалық күніне орай облыстық сенбілік өтеді
2026 жылғы 19 қыркүйек күні сағат 09:00-де Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы және халықаралық World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні аясында облыстық сенбілік ұйымдастырылады.
Экологиялық акцияға мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдері, кәсіпкерлер, қоғамдық бірлестіктер, жастар, волонтерлер, экоактивистер және облыс тұрғындары қатысады.
Сенбілік барысында елді мекендердің аумақтарында санитарлық тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, қоғамдық орындар, саябақтар, скверлер мен аулалар тазаланады. Сондай-ақ ағаш отырғызу жұмыстары ұйымдастырылады.
World Cleanup Day – Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған адамды қоршаған ортаны қорғауға және аумақтарды тазарту бойынша экологиялық бастамаларға біріктіреді.
🌿 Туған өлкенің тазалығы – әрқайсымыздан басталады!
Барша Жетісу облысының тұрғындарын облыстық сенбілікке белсенді қатысып, туған жеріміздің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырамыз!
Бірге таза өңір – жайлы орта қалыптастырайық!







