
25 қыркүйек күні Көктал ауылдық округінің әкімі Кадырбаев Батырбек Рүстембайұлының халық алдындағы есеп беру жиналысы Аққұдық ауылының тұрғындарымен өткізілді.
Жиын барысында округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, атқарылған жұмыстар және алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен сұрақтары тыңдалып, тиісті жауаптар берілді.








