Әдеп жөніндегі семинар өткізілді

    Әдеп жөніндегі семинар өткізілді

    2026 жылғы 16 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 15 қаңтардағы №7 бұйрығына сәйкес, Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған үгіттік жұмыстарының жоспарының 2.9-тармағын орындау мақсатында семинар өткізілді.

    Іс-шара Тараз қаласы, Талас мөлтек ауданы, 35-үйдің 1-қабатында ұйымдастырылды.

    Семинарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Құрбанов Жанәділ Аманәліұлы және Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының бас маманы Жылысбаев Ернар Нұрболұлы қатысты.

    Семинар барысында мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, мемлекеттік қызметтегі мінез-құлық стандарттары, қызметтік әдеп талаптары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

    Қатысушыларға мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және моральдық-этикалық жауапкершілігін арттыруға, қызметтік міндеттерін адал әрі жауапкершілікпен орындауға бағытталған ұсынымдар беріліп, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары