Қазақстанда алғаш рет еліміздің барлық өңірлеріндегі оқырмандарды біріктіретін ауқымды марафон өтеді.

    Қазақстанда алғаш рет еліміздің барлық өңірлеріндегі оқырмандарды біріктіретін ауқымды марафон өтеді.

    Марафон: 2026 жылғы қыркүйек – 2027 жылғы сәуір.

    Қатысуға арналған 7 бағыт:

    • «Оқитын мектеп»
    • «Оқитын колледж»
    • «Оқитын университет»
    • «Оқитын педагог»
    • «Оқитын отбасы»
    • «Оқитын мемлекеттік қызметші»
    • «Оқитын зиялы қауым»

    Қатысушылар арнайы іріктелген 330 кітаптан тұратын тізімнен 15 кітап оқиды. Оқу кезеңінің негізгі бөлігі 2026 жылғы қыркүйектен 2027 жылғы наурызға дейін жалғасады.

    Қорытынды кезеңде тестілеу және зияткерлік квиздер өткізіледі.

    Ең жоғары нәтиже көрсеткен қатысушыларға ақшалай сыйлықтар табысталады:

    I орын – 600 000 теңге
    II орын – 450 000 теңге
    III орын – 300 000 теңге

    Қатысу үшін:

    1. https://reading-nation.kz/ цифрлық платформасына өтіп, тіркеліңіз.
    2. Ұсынылған кітаптар тізімімен танысыңыз.
    3. Кітаптарды оқып, тестілеуден өтіңіз.
    4. Әр оқыған кітабыңызбен бірге ой-өрісіңіз кеңейіп, біліміңіз толығып, дүниетанымыңыз арта түседі!
    5. Сәттілік!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шортанды ауданының әкімдігі" жаңалықтары