Жамбыл облысында полицейлер Жас сақшыларға ашық есік күнін өткізді

    Жамбыл облысында полицейлер Жас сақшыларға ашық есік күнін өткізді

    Жамбыл облысында полицейлер Жас сақшыларға ашық есік күнін өткізді

    Байзақ ауданында жасөспірімдердің құқықтық сауатын арттырып, полиция қызметіне қызығушылығын қалыптастыруға бағытталған «Ашық есік күні» өтті. Шараға №1 мектеп-гимназиясының «Жас сақшы» сыныбының оқушылары қатысты. Жас сақшылар полиция қызметінің ерекшеліктерімен танысып, қызмет барысында қолданылатын арнайы техника мен құрал-жабдықтарды көрді. Оқушыларға қару-жарақ үлгілері көрсетіліп, олардың қызметтік маңызы түсіндірілді. Сонымен қатар жасөспірімдер полиция қызметкерлерінің күнделікті міндеттері мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жұмысы туралы ақпарат алды. Кездесу барысында балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандармен еркін форматта пікір алмасты. «Жас сақшы» жобасы өскелең ұрпақтың бойында заңға құрмет, тәртіп пен жауапкершілік қалыптастыруға, сондай-ақ құқық қорғау саласына кәсіби бағдар беруге бағытталған. Айта кетейік, қазіргі таңда Жамбыл облысында 43 «Жас сақшы» полиция сыныбы жұмыс істейді. Онда 900-ге жуық оқушы білім алуда.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары