Мүгедектіктің жай - күйі және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау туралы кеңес

    Мүгедектіктің жай - күйі және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау туралы кеңес

    2026 жылғы 15 қыркүйекте Қостанай облысы әкімінің орынбасары Е. К. Тасжурековтың төрағалығымен мүгедектік жағдайы және мүгедек адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелері бойынша кеңес өтті. Кеңеске Департамент басшысы А.Е. Мекебаева, мүдделі мемлекеттік органдардың басшылары, мүгедектігі бар адамдарды оңалту және қоғамға интеграциялау мәселелері жөніндегі Қостанай облысы әкімдігі жанындағы кеңес мүшелері, сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандарының әкімдіктері мен медициналық ұйымдарының өкілдері қатысты.

    Кеңес барысында облыстағы мүгедектіктің жай-күйі, медициналық-әлеуметтік сараптаманың өзекті мәселелері, халықты мүгедектіктің алдын алу мәселелері, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар үшін инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуді қамтамасыз ету және мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау мәселелері талқыланды.

    Кеңестің қорытындысы Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың ведомствоаралық өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру жөніндегі бірлескен шараларды айқындау болды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті" РММ" жаңалықтары