
2026 жылғы 14 қыркүйекте Түркістан қалалық санитариялық-карантиндік бақылау бөлімінің мамандары Түркістан шекаралық бақылау бөлімшесінің қызметкерлеріне «Дизентерияның алдын алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді. Іс-шара барысында қатысушыларға дизентерия ауруының эпидемиологиясы, клиникалық белгілері, жұғу жолдары және алдын алу шаралары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар санитариялық-профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, инфекциялық аурулардың алдын алу, сондай-ақ халықтың санитариялық сауаттылығын арттыру мәселелері қаралды. Семинар барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тәжірибе алмасты және мамандардан практикалық ұсынымдар алды. Өткізілген іс-шара инфекциялық аурулардың алдын алу саласындағы білім деңгейін арттыруға және практикалық дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік берді.









