Заңсыз мал тасымалдаудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

    Заңсыз мал тасымалдаудың алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілуде

    Жетісу облысының полиция қызметкерлері мал ұрлығы мен заңсыз мал тасымалдау фактілерінің алдын алу мақсатында жүргізушілермен тұрақты түрде профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

    Сонымен қатар, күнделікті қызмет барысында мал тасымалдайтын автокөліктер тоқтатылып, тасымалданатын малдың құжаттары, оның ішінде ветеринариялық талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

    Жыл басынан бері облыс аумағында малды заңсыз тасымалдауға қатысты 42 факт анықталды. Аталған фактілер бойынша тиісті материалдар ветеринариялық инспекция органдарына жолданып, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдануда.

    Полиция қызметкерлері мал иелері мен тасымалдаушыларды малды белгіленген тәртіппен тасымалдауға, қажетті құжаттарды өзімен бірге алып жүруге және ветеринариялық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары