
Тікқайын және Көктоғай ауылдарында ауыл тұрғындарының қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Атап айтқанда, жиында келесі бағыттар бойынша ақпарат беріліп, ескертулер жасалды:
- Мал ұрлығының алдын алу шаралары;
- Санитарлық тазалықты сақтау ережелері;
- Мал ауруларының алдын алу және оған қарсы ветеринариялық талаптар;
- Сырттан бейберекет мал кіргізбеу мәселелері.
Аталған іс-шара учаскелік полиция инспекторы және ветеринариялық мамандардың бірлесуімен ұйымдастырылды. Кездесу соңында тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, тиісті мамандар тарапынан құқықтық және ветеринариялық кеңестер берілді.









