САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КҮНІНЕ ОРАЙ

    САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КҮНІНЕ ОРАЙ

    Темиркасова Агзия Бөрібайқызы — санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің ардагері.

    Агзия Бөрібайқызы Темиркасова — санитариялық-эпидемиологиялық қызмет саласына 39 жылдық еңбек жолын арнаған білікті маман және тәжірибелі басшы. 1986 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдаған. 2001–2025 жылдары көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүйесінде басшылық қызмет атқарып, теміржол, әуе және теңіз көліктеріндегі санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге елеулі үлес қосты. Еңбек жолында инфекциялық және паразиттік аурулардың алдын алу, карантиндік және аса қауіпті инфекциялардың әкелінуі мен таралуына жол бермеу, сондай-ақ көлік нысандарындағы санитариялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету бағыттарында нәтижелі жұмыс атқарды. Коронавирустық инфекция пандемиясы кезеңінде эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыруға белсенді атсалысты. Агзия Бөрібайқызы әріптестеріне білімі мен мол тәжірибесін бөлісіп, жас мамандарға әдістемелік және практикалық қолдау көрсетіп келеді. Еңбегі жоғары бағаланып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Департаменттің және кәсіподақ ұйымдарының марапаттарына, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісіне, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медаліне және басқа да марапаттарға ие болды. Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет күні қарсаңында Агзия Бөрібайқызына зор денсаулық, отбасылық амандық және еңбегіне деген құрмет пен алғыстың мол болуын тілейміз! Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары