Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті·Жаңалықтар мұрағаты

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттері мынадай мемлекеттік қызметтер көрсетеді:
- Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерін тағайындау;
- Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
- Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;
- Мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;
- Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
- Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;
- Бала туғанда берілетін және бала күтімі бойынша жәрдемақыларды тағайындау;
- Жерлеуге арналған біржолғы төлем тағайындау;
- Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрген зиянды өтеу жөнiндегi төлемдердi капиталдандыру кезеңi аяқталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмекті тағайындау;
- Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі;
- Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;
- Көп балалы отбасыларға арналған жәрдемақы);
- Бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;
- Арнайы кәсіби мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.
Жалпы, 2026 жылдың 8 айында Комитеттің аумақтық департаменттері шамамен 2,206 млн мемлекеттік қызмет көрсетті.
Бұл ретте жаңа тағайындаулар – 1,286 млн макет, қайта қараулар – 1,247 млн макет, бас тартулар – 75,1 мың макетті құрады.









