Бейнеуде қоғамдық көмекшілерге куәліктер табысталды

    Бейнеуде қоғамдық көмекшілерге куәліктер табысталды

    Бүгін Бейнеу ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ғабидолла Құсаинов қоғамдық көмекшілерге арнайы куәліктерін салтанатты түрде табыстады.

    Салтанатты шара барысында полиция басшылығы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде азаматтық белсенділіктің маңыздылығын атап өтіп, қоғамдық көмекшілердің құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық тәртіпті сақтауға қосып отырған үлесіне тоқталды.

    Қоғамдық көмекшілер – елдегі заң мен тәртіпті қамтамасыз ету ісіне ерікті түрде атсалысатын, қоғамдық қауіпсіздікке бейжай қарамайтын белсенді азаматтар. Олар полиция қызметкерлерімен бірлесіп, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарға қатысады.

    Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті сақтау ісіне азаматтарды кеңінен тарту, полиция мен тұрғындар арасындағы өзара байланысты нығайту және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған бірлескен жұмысты күшейту.

    Полиция қызметкерлері қоғамдық көмекшілермен өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы бірлескен жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.

    Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тек полицияның ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Азаматтардың белсенді ұстанымы мен полицияға қолдауы қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Заң мен тәртіп – ортақ міндет!

    Бейнеу ауданы полиция бөлімі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары