Әйтеке би ауданында 35 отбасы баспаналы болды

    https://www.instagram.com/reel/DdLZh5gCDEE/?stkn=enA5YXZueXN5Zm1r

    Әйтеке би ауданында Отбасы күніне орай «Қауіпсіз үй – бақытты отбасының бастауы!» атты тағылымды әрі қуанышқа толы салтанатты шара өтті.

    Әр отбасы үшін баспаналы болу – үлкен арманның орындалуы. Өйткені үй – жай ғана төрт қабырға емес, ол – бала күлкісі сыңғырлаған, мейірім мен жылулық ұялаған, қуаныш пен береке тоғысқан қасиетті шаңырақ.

    Салтанатты шара барысында аудан әкімі Д.Тоғызбаев барша тұрғындарды Отбасы күнімен құттықтап, отбасы – қоғамның берік негізі, ал шаңырақтың тыныштығы мен берекесі әрбір жанның бақыты екенін атап өтіп, әр шаңыраққа амандық, береке мен бақ тіледі.

    Шараның ең әсерлі сәтінде бірқатар отбасыға жаңа баспаналарының кілттері салтанатты түрде табысталды.Бұл сәт – көптен күткен арманның орындалып, жаңа өмір белесінің басталғанын айғақтаған ерекше қуанышты сәт болды.

    Былтырғы жылы сатып алынған жаңа 49 үйдің 35 табысталып, жақын арада қалған 14 пәтер өз иесін табатын болады. Жыл соңына дейін аудан бойынша 80-нен астам жаңа пәтер сатып алу жоспарлануда.

    Бүгінгі басқосудың басты мәні – үйлі болу үлкен қуаныш болса, сол үйде қауіпсіз әрі бақытты өмір сүру – одан да үлкен жауапкершілік екенін насихаттау.

    Жаңа баспана – жаңа бастамалардың, жарқын армандардың және бақытты күндердің бастауы болсын! Барша жаңа қоныс иелерін шын жүректен құттықтаймыз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Әйтеке би ауданы әкімдігі" жаңалықтары