2026 жылғы 4 қыркүйекте «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Теміртау қаласы мәжбүрлеп орындату аумақтық бөлімінде қызметкерлер арасында «Адалдық» және «Парасаттылық» принциптері: құқықтық сананы қалыптастырудың негізгі тетіктері» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында адалдық пен парасаттылық құндылықтарының мемлекеттік қызметтегі маңызы, құқықтық мәдениетті арттыру және заң талаптарын сақтау мәселелері талқыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық санасы мен жауапкершілігін арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру.
Адалдық – адамгершілік негізі, парасаттылық – заң мен тәртіптің берік тірегі!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









