
Нашақорлық жарнамасының таралуының алдын алу және жолын кесу, оның ішінде көшелерде тыйым салынған жазулар мен граффитидің пайда болуына, сондай-ақ әлеуметтік желілерде тиісті контенттің орналастырылуына жол бермеу мақсатында Жданов ауылдық округінің аумағында профилактикалық жұмыстар жүргізілуде.
«Қостанай ауданы Жданов ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ мамандары полиция майоры, Жданов ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Есмагамбетов Е.К.-мен бірлесіп, ауылдық округ аумағында рейдтік іс-шаралар өткізді.
Рейд барысында көшелер мен қоғамдық орындарға тексеру жүргізіліп, құрамында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды насихаттайтын белгілері бар жазуларды, граффитилерді және өзге де бейнелерді анықтау жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, халық арасында есірткі құралдары мен психотроптық заттар туралы ақпаратты таратуға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Нашақорлық жарнамасының таралу фактілерін анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмыстар тұрақты түрде жалғастырылатын болады.








