
Алакөл аудандық орталық кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» республикалық кітап оқу марафоны аясында «Кітап оқитын ұлт – өркендеген ұлт!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге марафон аясында ұсынылған кітаптар жеті бағыт бойынша топтастырылып, оқырмандар назарына ұсынылды.
Шараның алғашқы қатысушыларының қатарында мемлекеттік қызметшілер болып, олар кітап көрмесімен танысып, ұсынылған әдебиеттерді оқырмандар арасында насихаттау жұмыстарына қатысты.
Шараға барлығы 17 адам қатысты.









