Жаңа Конституция – жаңа саяси кезеңнің бастауы

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жаңа Конституция – жаңа саяси кезеңнің бастауы

    Жаңа Конституция – жаңа саяси кезеңнің бастауы
    Еліміз үшін жаңа саяси кезеңнің басталуына жол ашқан маңызды өзгерістердің бірі – жаңа Конституцияның қабылдануы. Ата Заңға енгізілген жаңа нормалар еліміздің мемлекеттік басқару жүйесіне, заң шығару үдерісіне және билік институттарының өзара байланысына елеулі өзгерістер әкелді.
    Жаңа конституциялық жүйеге сәйкес заң шығару билігінің құрылымы да жаңарды. Бұған дейінгі Парламенттің орнына бір палаталы заң шығарушы орган – Құрылтай қалыптасты. Оның құрамын халық сайлау арқылы жасақтады.
    Жаңа саяси жүйенің алғашқы қадамдарының бірі ретінде Елордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Құрылтайдың алғашқы сессиясы өтті.Президент Құрылтайдың алдында тұрған маңызды міндеттің бірі – қолданыстағы заңнаманы жаңа Конституция нормаларына сәйкестендіру екенін атап өтті.
    – Жаңа Конституция нормаларын ескере отырып, еліміздің заңнамасына түзетулер енгізу қажет.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары