
Білім беру бөлімінің әдістеме кабинетінің ұйымдастыруымен 2026 жылғы 4 қыркүйек күні «Айналайын» сәбилер бақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі тәрбиенің сапасы мен цифрландырылуы: баланың үйлесімді дамуы үшін ЖИ енгізу» тақырыбындағы әдістемелік алаңша ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – мектепке дейінгі ұйым педагогтарының кәсіби құзыреттілігін арттыру, инновациялық идеялармен бөлісу, тәжірибе алмасу және ауыл мектептері мен балабақшаларында білім беру процесін жетілдіру жолдарын бірлесе қарастыру болды.Аталған іс шараға 5 балабақша, 21 мектептен 33 педагог қатысты.
Бағдарламаға сәйкес «Айналайын» сәбилер бақшасы, «Айгөлек» бөбекжай бақшасы , Малыбай ОМ, Потанин ОМ мектепке дейінгі білім беру педагогтары өздерінің іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл әдістемелік алаң педагогтардың кәсіби дамуына үлкен рөл атқарды. Қатысушылар жаңа білім мен тәжірибе жинақтап, ауыл мектептері мен балабақшаларында білім беру сапасын арттыруға бағытталған практикалық дағдыларға ие болды.
Іс-шара барысында көтерілген тақырыптар бүгінгі мектепке дейінгі білім беру жүйесінің өзекті мәселелерін қамтып, келешекке нақты бағыт-бағдар берді.








