
Әкімдік ғимаратында өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы өз жұмысын жалғастыруда.
Мұнда азаматтар eGov.kz порталы арқылы сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерді кезексіз және дербес түрде ала алады.
Қолжетімді мүмкіндіктер:
- Электрондық анықтамаларды алу (соттылығының болуы/болмауы, отбасы құрамы, жылжымайтын мүліктің болуы туралы және т.б.)
- Мемлекеттік органдарға өтініштер мен құжаттар беру
- Сандық сервистерді пайдалануға көмектесетін мамандардың кеңесі
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы әкімдіктің жұмыс уақытында барлық келушілер үшін ашық. Сандық қызметтер — әрбір адам үшін жылдам, ыңғайлы және қолжетімді!



