«Алтай Өскемен» футбол клубы «Ұлытаудан» басым түсті

    «Алтай Өскемен» футбол клубы «Ұлытаудан» басым түсті

    Қазақстан чемпионатының кезекті турында «Алтай Өскемен» сырт алаңда Жезқазғанның «Ұлытау» командасымен кездесті. Матч қорытындысында шығысқазақстандық команда 3:0 есебімен жеңіске жетті.

    Ойынның алғашқы таймы голсыз аяқталғанымен, екінші таймда «Алтай Өскемен» футболшылары қарсылас қақпасынан саңылау таба білді. 58-минутта Дарко Додев есеп ашты. Араға 14 минут салып, Сэйф Попов есепті 2:0-ге жеткізді. Ойынның 88-минутында Сэйф Попов тағы бір гол соғып, дубль авторы атанды. Қорытынды есеп – 3:0.

    Осы жеңістің нәтижесінде «Алтай Өскемен» өз қоржынына маңызды үш ұпай қосып, турнирлік кестеде 11-орынға көтерілді.

    Енді шығысқазақстандық команда келесі ойынды 18 қыркүйекте өз алаңында павлодарлық «Ертіс» футбол клубына қарсы өткізеді.

    (Мәтін мен фотосуреттерді пайдаланғанда ШҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасау міндетті).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары