435 маман балалардың құқықтарын қорғау саласында біліктілігін арттырды

    435 маман балалардың құқықтарын қорғау саласында біліктілігін арттырды

    Балаларды қорғау жүйесінің 435 маманы «Балаларды қорғау саласындағы жағдайды басқару» курсы бойынша оқудан өтті. Курс «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институты» КеАҚ, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі және Қазақстан Республикасындағы ЮНИСЕФ Өкілдігінің бірлескен жұмыс жоспары аясында ұйымдастырылды.

    Оқуға балалардың құқықтарын қорғау басқармаларының, психологиялық қолдау және отбасын қолдау орталықтарының қызметкерлері, әлеуметтік педагогтер, педагог-психологтер, сондай-ақ балалар мен отбасыларды сүйемелдеумен айналысатын басқа да мамандар қатысты.

    Курс барысында қатысушылар баланың жағдайын анықтау және бағалау, жағдайды жоспарлау және сүйемелдеу, балаларға қатысты зорлық-зомбылық фактілеріне ден қою, ведомствоаралық өзара іс-қимыл және ақпаратпен қауіпсіз алмасу бойынша практикалық құралдарды меңгерді.

    Баланың құқықтарын сақтау, кейс-менеджменттің этикалық қағидаттары, жарақатқа бағдарланған тәсіл, құжаттаманы жүргізу және супервизия мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Оқыту мамандардың кәсіби құзыреттерін арттыруға және қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларды сүйемелдеудің бірыңғай тәсілдерін қалыптастыруға бағытталған. Алған білімдері мен практикалық құралдары мамандарға тәуекелдерді дер кезінде анықтауға, бала мен отбасына кешенді көмек көрсетуге және балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін жүйелі түрде қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары