ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНДЕГІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

    2026 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары Е. Біржанов, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Б. Слямов, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е. Тұрысов және Сарыағаш ауданының әкімі А. Абдуллаев «Жібек жолы» кеден бекетіндегі құрылыс жұмыстарының жүргізілу барысымен танысты.

    Жұмыс сапары барысында жауапты мамандар құрылыс нысанында атқарылып жатқан жұмыстар, инфрақұрылымды жаңғырту және бекеттің өткізу қабілетін арттыру бағытында қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

    Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқталуы, заманауи талаптарға сай кедендік инфрақұрылым қалыптастыру және азаматтарға қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Жауапты тұлғаларға құрылыс қарқынын бәсеңдетпей, жұмыстардың сапасын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары