"Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Жетісу облысы бойынша департаменті" Республикалық Мемлекеттік Мекемесі·Жаңалықтар мұрағаты

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтарға әлеуметтік қолдаудың бірнеше түрі қарастырылған.
Азаматтың жағдайына қарай оған мемлекеттік жәрдемақы, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлем немесе өндірістік жарақат не кәсіптік ауру салдарынан мүгедектік белгіленген жағдайда сақтандыру төлемі берілуі мүмкін.
Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері белгіленген мүгедектік тобына байланысты анықталады.
Төлемдерді Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, eGov.kz порталы немесе проактивті форматта рәсімдеуге болады. Мүгедектік белгіленгеннен кейін азаматқа жәрдемақы рәсімдеу туралы ұсыныс көрсетілген SMS хабарлама келуі мүмкін. Бұл жағдайда төлемді рәсімдеу үшін SMS хабарламаға жауап беріп, өз келісімін растау жеткілікті.









