Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамытуға, әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға және зерделі қоғам қалыптастыруға бағытталған алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны басталды.

    Қазақстанда кітап оқу мәдениетін дамытуға, әдебиетке деген қызығушылықты арттыруға және зерделі қоғам қалыптастыруға бағытталған алғашқы республикалық «Кітап оқитын ұлт» кітап оқу марафоны басталды.

    Марафон 2026 жылғы қыркүйек айынан 2027 жылғы наурыз айына дейін өткізіліп, еліміздің барлық өңірлерінен қатысушыларды біріктіреді. Жоба 7 бағыт бойынша ұйымдастырылады: «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын университет», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» және «Кітап оқитын зияткер».

    Қатысушылар арнайы іріктелген кітаптар тізімінен 15 кітап оқуы қажет. Марафон аясында қорытынды тестілеу және зияткерлік сайыстар өткізіледі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, финалистерге дипломдар мен электронды сертификаттар табысталады. (Госуслуги⁠)

    Марафон туралы толық ақпарат, қатысу бағыттары, ережелері мен кітаптар тізімі жобаның ресми сайтында орналастырылған: https://reading-nation.kz/

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ұлытау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары