Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Түркістан қалалық мәслихатының депутаттары мен қала халқының назарына!

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10 бабына сәйкес сегізінші шақырылымдағы Түркістан қалалық мәслихатының кезекті сессиясы 2026 жылғы 23 қыркүйек күні сағат 11:00-де Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залында өтетіндігін назарларыңызға саламын.

    Мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әмір Темір көшесі №28 ғимарат, Түркістан қаласы әкімдігінің мәжіліс залы. Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 23 қыркүйек күні сағат 10:30-дан бастап жүргізіледі.

    Сессияның қарауына мына мәселе ұсынылады.

    1. Түркістан қаласы әкімінің өзіне жүктелген функциялары мен міндеттерінің есепті мерзімде орындаған жұмыстары туралы есебі;
    2. Түркістан қаласы әкімдігінің ішкі саясатбөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
    3. Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спортбөліміне жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
    4. Түркістан қаласы білім бөлімінің 2025-2026 оқу жылының қорытындысы және 2026-2027 оқу жылына дайындығы туралы;

    Келіп түсуіне байланысты басқа мәселелер қаралуы мүмкін.

    Сессия отырысы Facebook әлеуметтік желісінің тікелей эфирінде қалалық мәслихат парақшасында көрсетіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары