
«Таңбалануға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» бұйрыққа сәйкес, Қазақстанда сыра және сыра негізіндегі сусындар 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті цифрлық таңбалауға
жататын тауарлар тізбесіне енгізілді. Сыра мен сыра негізіндегі сусындарды міндетті цифрлық таңбалауды енгізу кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Таңбалауды енгізу мерзімдері:
2026 жылғы 1 ақпаннан бастап — 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап өндірілген кегтерге құйылған өнімдер үшін;
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап — 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап өндірілген шыны бөтелкелерге құйылған өнімдер үшін;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап — 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап өндірілген банкаларға құйылған өнімдер үшін. Белгіленген мерзімдерден бастап өндірілген немесе импортталған өнімдер міндетті түрде тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде тіркелуге тиіс. Өнімді айналымға шығарғанға дейін оның әрбір данасына Data Matrix коды жапсырылуы қажет. Сыра өндірушілері мен импорттаушылары таңбалау жүйесіне көшуге алдын ала дайындалуы тиіс.
Ол үшін:
ұйымдарын тауарларды таңбалау және қадағалау ақпараттық жүйесінде тіркеу;
Data Matrix кодтарын жапсыруға қажетті техникалық дайындықты қамтамасыз ету;
өнім туралы ақпаратты ақпараттық жүйеге уақтылы енгізу қажет.
Цифрлық таңбалау сыра өнімдерінің айналымындағы ашықтықты қамтамасыз етеді,өндіріс пен импорт көлеміне бақылауды күшейтеді, заңсыз өнім айналымына байланысты тәуекелдерді азайтады және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттырады.









