2026 жылғы 16 қыркүйекте тамызда Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясын шақыру туралы хабарлама
2026 жылғы16 қыркүйекте сағат 11.00-де ZOOM режимінде Қостанай облыстық мәслихаты сегізінші шақырылымының кезектен тыс сессиясы өтеді.
Отырысты Қостанай облыстық мәслихатының төрағасы С.Е. Ещанов ашып, жүргізеді.
Отырыстың күн тәртібі:
- Мәслихаттың 2025 жылғы 18 желтоқсандағы № 266 «Қостанай облысының 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 11 тамыздағы № 43 «Қостанай облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 278 «Қостанай облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Анықтама және қатысуға өтінімдер телефон арқылы: 8 (7142)542430, 542080.
e-mail: [email protected]
Онлайн-көрсетілімге сілтеме:
Қостанай облыстық мәслихатының отырысы https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-oblys-apparaty?lang=ru интернет-ресурста онлайн режимде, сондай-ақ мәслихаттың Facebook парақшасында https://www.facebook.com/share/18Z6eC5X4f/?mibextid=wwXIfr тікелей эфирде көрсетіледі.
Архивтік жазба ресми https://t.me/+zmkoI_xYIggwZWMy телеграм-арнада орналастырылады.






