Конкурс өткізуші: «Түркістан облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесі
Түркістан облысының білім басқармасы «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 27 тамыздағы №381 бұйрығының талаптарына сәйкес облыстағы меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі ұйымдарда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға жаңа орындарға және қосымша топтарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға (2-6 жас) конкурс жариялайды.
Құжаттарды қабылдау Қағида талаптарына сәйкес 3 жұмыс күні ішінде жүргізіледі, 2026 жылдың 11, 14, 15 қыркүйек күндері сағат 9.00-ден 19.00 аралығында. Электрондық форматта [email protected] электронды мекен-жайына, электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда жергілікті аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жүргізіледі.
Ескерту: Кәсіпкерлер назарына өткізілген құжаттардың қабылданғаны туралы талонды талап ету қажеттігі жеткізіледі.
Конкурстық рәсімгеҚағиданың 13-тармағына сәйкес:
Мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін қалыптастыру бойынша конкурстық рәсімге қатысуға мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлама берген және мыналарды:
1) «Мектепке дейінгі ұйымдарға және балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар «Санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (бұдан әрі - Санитариялық қағидалар) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес жағдайларды;
2) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) (бұдан әрі-Өрт қауіпсіздігі қағидалары) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығына сәйкес жағдайларды;
3) «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысына (бұдан әрі – ҚРҮ № 305 Қ) сәйкес терроризмге қарсы қорғалуды;
4) «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына және "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың (бар болған жағдайда) білім алуы үшін арнайы жағдайлар және қолжетімді орта ұйымдастырған;
5) «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыруды;
6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсетуді және алғашқы медициналық көмек көрсету үшін жағдайлар жасауды;
7) «Педагогтер лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) және "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына сәйкес тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагог кадрлармен қамтамасыз еткен мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Мектепке дейінгі ұйымдар мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға конкурстық рәсімге қатысу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
1) Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) мектепке дейінгі ұйым басшысының қолымен және мөрімен расталған бейнебақылау камераларының, дабыл түймешесінің және дауыстық хабарландырудың бар болуы жөнінде ақпарат;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді (сыйымдылығы үш топқа дейін болған кезде) медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету аумақтық ұйымымен шарт;
4) штаттық кестенің және педагогикалық немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайды жалдау шартының көшермесі (бар болса).
Ескерту: Хабарландыруда көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы мектепке дейінгі білім беру ұйымын Конкурстық комиссияның қарауына жіберілмейді.
Мектепке дейінгі тәрбиеге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру және мемлекеттік білім беру тапсырысын алатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесін өзектендіруге(жаңа орын, қосымша топтар) өтінімдер қабылдау туралы хабарландыру
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 бұйрығының негізінде білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға, тізбесін өзектендіруге (2-6 жас) өтінімдер қабылданады.
Құжаттарды қабылдау Қағида талаптарына сәйкес 5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі, 2026 жылдың 11, 14, 15, 16,17, 18 қыркүйек күндері сағат 9.00-ден 19.00 аралығында. Электрондық форматта [email protected] электронды мекен-жайына, электрондық форматта ұсыну мүмкіндігі болмаған жағдайда жергілікті аудандық, қалалық білім бөлімдеріне жүргізіледі.
- Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарлаған МДҰ қызмет көрсетушілер тізбесіне енгізу туралы өтініш береді және қамтамасыз етеді:
1) «Мектепке дейінгі ұйымдар мен балалар үйлеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің
2021 жылғы 9 шілдедегі № ҚР ДСМ-59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23469 болып тіркелген) сәйкес шарттар (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар);
2) «Өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы
№ 55 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) сәйкес шарттар (бұдан әрі – өрт қауіпсіздігі қағидалары);
3) «Қазақстан Республикасының Білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы
№ 117 бұйрығына сәйкес талаптар (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27414 болып тіркелген) (бұдан әрі – Нұсқаулық);
4) «Ерекше білім беру қажеттіліктерін бағалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 қаңтардағы № 4 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26618 болып тіркелген) сәйкес ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға білім берудің арнайы шарттары (бар болса) және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Сәулет қызметі туралы заң) сәйкес қолжетімді орта;
5) «Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай-ақ арнаулы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13272 болып тіркелген) сәйкес жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру;
6) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерге медициналық қызмет көрсету және алғашқы медициналық көмек көрсету;
7) «Педагог лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5750 болып тіркелген) сәйкес бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар педагогикалық құраммен және «Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шiлдедегi № 224 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33166 болып тіркелген) сәйкес штат санын.
- Алгоритмнің 28-тармағында көрсетілген МДҰ ақпараттандыру объектісінде бастапқы түпнұсқаға толық сәйкес келетін анық оқылатын түрде pdf электрондық форматында мынадай құжаттарды бекіту жолымен ұсынады:
1) Алгоритмге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) бейнебақылау камераларының, дабыл түймесінің және дауыстық хабарландырудың болуы туралы басшының қолымен және мөрімен куәландырылған ақпаратты;
3) Санитариялық қағидаларға сәйкес тәрбиеленушілерді медициналық қамтамасыз етуді жүзеге асыруға арналған аумақтық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымымен шарт (сыйымдылығы үш топқа дейін);
4) педагогтік немесе бейіндік білімі бар педагогтердің белгіленген үлгідегі білім туралы штат кестесінің және құжаттарының көшірмелері;
5) ғимаратты/үй-жайларды жалдау шартының көшірмесі (бар болса).
- Алгоритмнің 29-тармағында көрсетілген құжаттар 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде ұсынылады.
Ескерту: Хабарландыруда көрсетілген құжаттардың бірінің болмауы мектепке дейінгі білім беру ұйымын комиссияның қарауына жіберілмейді.


