Полиция қызметкерлері павлодарлықтарға велосипед ұрлығының алдын алу жолдарын түсіндірді

    Полиция қызметкерлері павлодарлықтарға велосипед ұрлығының алдын алу жолдарын түсіндірді

    Солтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері велосипед ұрлығының алдын алуға бағытталған профилактикалық рейд өткізді.
    Полиция қызметкерлері тұрғын үйлердің аулаларын, көпшілік демалатын орындар мен велосипед тұрақтарын аралап, тұрғындармен және велосипед иелерімен профилактикалық әңгіме жүргізді. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері велосипедті қысқа уақытқа болса да қараусыз қалдыру оның қылмыскерлер үшін оңай олжаға айналуына себеп болуы мүмкін екенін ескертті.
    Полиция қызметкерлері сенімді ұрлыққа қарсы құлыптарды пайдаланудың және мүмкіндігінше велосипедтерді арнайы жабдықталған, жабық орындарда сақтаудың маңыздылығына ерекше назар аударды. Сонымен қатар велосипед иелеріне оның сериялық нөмірін жазып алып, сақтап қою, сондай-ақ велосипедті суретке түсіру ұсынылды. Бұл ақпарат ұрланған мүлікті іздестіру кезінде маңызды көмек көрсетуі мүмкін.
    Рейд барысында тұрғындарға мүліктік қылмыстардың алдын алудың тиімді шаралары түсіндіріліп, қажетті ұсынымдар жазылған жадынамалар таратылды.
    Полиция қызметкерлері тұрғындарды велосипедтерін тиісті деңгейде бекітпей қалдырмауға, қырағылық танытуға және бөгде адамдардың күдікті әрекеттеріне назар аударуға шақырды. Ұрлық белгілері немесе мүлікті заңсыз иемденуге әрекет жасалған жағдайда, полицияға дереу хабарласу қажет.
    Мүліктік қылмыстардың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда. Қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау ұрлық қаупін едәуір азайтып, өз мүлкін сақтауға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Павлодар облысының Полиция департаменті" жаңалықтары