АДАЛ АЗАМАТ — ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ:
ҚР Әділет Министрлігі Ұлытау облысы Әділет департаменті мектепте семинар өткізді.
10 қыркүйек күні Ұлытау облысы Әділет департаменті Жезқазған қаласының №8 мектеп-гимназиясында «Адал азамат — қоғамның тірегі» тақырыбында кезекті тағылымды семинар ұйымдастырды.
Бұл шара жастардың бойында адалдық, жауапкершілік және патриотизм құндылықтарын дәріптеуге бағытталды.
Семинар аясында Әділет департаментінің қызметкері Р.М.Жиенбаева адал азаматтың қоғам дамуындағы рөлі, заңдарды құрметтеу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру төңірегінде маңызды ақпараттармен бөлісті.
Оқушылар өз кезегінде «адалдық» ұғымын қалай түсінетіндіктерін жеткізіп, қоғамға пайдалы азамат болудың жолдары туралы ой қозғады.
Шара соңында мектеп басшылығы осындай құқықтық тәрбие беретін кездесулердің болашақ ұрпақ үшін маңыздылығын атап өтті.
Адалдық пен әділдік — мықты мемлекеттің негізі. Мектеп қабырғасынан бастап әрбір оқушының санасына заңға деген құрметті ұялату — ортақ міндетіміз.
АДАЛ АЗАМАТ — ҚОҒАМНЫҢ ТІРЕГІ: ҚР Әділет Министрлігі Ұлытау облысы Әділет департаменті мектепте семинар өткізді.
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
АҒА БУЫНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
АРДАГЕРЛЕР «ВАЛЬС КОРОЛІ» ҚОЙЫЛЫМЫН ТАМАШАЛАДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
1 ҚАЗАН – ҚАРТТАР КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚАЛА ӘКІМІ АТЫНАН ҚАРИЯЛАРҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
"Ұлытау облысының Әділет департаменті" жаңалықтары

2026 жылғы 25 қыркүйекте №36 (8499) SARYARKA газетінде Ұлытау облысы Әділет департаментінің әкімшілік бөлімінің бас маманы Ж. Жаутикованың «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – біздің ортақ міндетіміз» тақырыбындағы мақаласы жарияланды.
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында семинар өтті
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
30.09.1026 ж. Ұлытау облысының Әділет департаментінде Әділет органдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты жиын өтті.
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
«Адалдық — ардың көркі: Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» Медициналық колледж студенттеріне арналған семинар өтті
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу
30 қыркүйек – Әділет органдары қызметкерлері күні!
Ұлытау облысының Әділет департаментіАшу