Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті·Жаңалықтар мұрағаты

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінде «North Caspian Operating Company N.V.» (NCOC) компаниясының өкілдерімен кездесу өтті. Кездесу барысында қатысушылар мұнай-газ саласындағы қауіпті өндірістік нысандарда тәуекел факторларын есепке ала отырып, техникалық куәландыру тәсілдерін қолдану мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады. Бұдан бөлек, өндірістік үдерістердің ерекшеліктері мен технологиялық сипатын ескере отырып, аталған тәсілді кәсіпорындарға енгізу мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша тараптар өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және өндірістік тәуекелдерді азайту бағытындағы өзара ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниет білдірді.









