Салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған дәстүрлі велосеруен кезекті рет ұйымдастырылды.
Шараға білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, басқарма мамандары және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.
Бұл жолғы велосеруеннің басты ерекшелігі – бағдарлама спорттық эстафетамен толықты. Қатысушылардың бір бөлігі дәстүрлі бағыт бойынша велосипедпен жүріп өтсе, енді бір бөлігі командалық эстафетада бақ сынап, ептілік пен ұйымшылдық танытты.
Спорттық шара белсенді өмір салтын дәріптеп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен тың серпін сыйлады.





