Бүгін Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин және басқарма мамандары инвестициялық жоба аясындағы "Скандик" мектебіне барып, білім беру ұйымының материалдық-техникалық базасымен және оқушыларға жасалған жағдайлармен танысты.
Кездесу барысында мектеп ұжымы білім беру үдерісіндегі бірқатар ерекшеліктерді таныстырды.

Үштілді білім беру бағдарламасы мектепалды даярлықтан бастап жүзеге асырылады.

Педагогикалық ұжым толықтай ағылшын тілі курстарынан өткен.

Үй тапсырмалары мұғалімдердің бақылауымен мектепте орындалады.

Оқушылардың жан-жақты дамуына арналған зияткерлік, шығармашылық және спорттық үйірмелер жұмыс істейді. Қазақстанның және әлемнің жетекші жоғары оқу орындарына түсуге кешенді дайындық жүргізіледі.

"Scandic Chess Club" шахмат клубында тұрақты турнирлер өткізіліп, алдағы уақытта "Scandic Football Academy" футбол академиясын ашу жоспарланған.

Мектепте оқушылардың қауіпсіздігі мен қолайлылығына ерекше мән берілген: мектеп трансфері ұйымдастырылған, ғимарат тәулік бойы бейнебақылау және қауіпсіз кіру жүйесімен жабдықталған.