Қазақстан құрамасы Лингвистикадан халықаралық олимпиадада тарихи нәтиже көрсетті

    2026 жылғы 26 шілде мен 2 тамыз аралығында Румынияның Бухарест қаласында Лингвистикадан халықаралық олимпиада (IOL) өтті.
    🇰🇿 Қазақстан құрамасының төрт мүшесі де жоғары нәтиже көрсетіп, бір қола медаль мен үш Құрмет грамотасын иеленді.
    🥉 Қола медаль иегері:
    • Шыңғыс Карасаев - Орал қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы.
    📃 Құрмет грамотасының иегерлері:
    • Рамазан Бутантаев - Маңғыстау облысы Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты Мамандандырылған IT лицейінің 11-сынып оқушысы;
    • Аслан Ажибаев - Павлодар қаласындағы жаратылыстану-математика бағытындағы NIS-тің 12-сынып оқушысы;
    • Кирилл Тургумбаев - Қостанай облысы Жітіқара ауданы білім бөліміне қарасты Абай атындағы мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы.
    ✅ Осылайша, Қазақстан құрамасының аталған олимпиадаға қатысу тарихында алғаш рет команда мүшелерінің барлығы марапатқа ие болды.
    🎓 Құрамаға Ягеллон университетінің студенті Оспанова Дана Еркінқызы жетекшілік етті.
    📚 Олимпиадалық лингвистика елімізде дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Бұл нәтиже қазақстандық оқушылардың аталған саладағы жоғары әлеуетін көрсетті.
    👏 Құрама мүшелерін және жетекшісін, сондай-ақ оқушылардың ұстаздары мен ата-аналарын шын жүректен құттықтаймыз! Жас зияткерлерімізге алдағы жарыстарда толағай табыс тілейміз!
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Батыс Қазақстан облысының Білім басқармасы" жаңалықтары