
5 қыркүйек аңшылық шаруашылығында еңбек етіп жүрген мамандардың кәсіби мерекесі. Олардың күнделікті жұмысы — жануарлар дүниесін қорғау, есепке алу және мониторинг жүргізу, браконьерліктің алдын алу, аңшылық алқаптардағы табиғи тепе-теңдікті сақтауға атсалысу. Бұл жұмыстың көп бөлігі елді мекендерден шалғайда, дала мен орманда өтеді. Ұзақ бағыттар, күн райына қарамай жүргізілетін рейдтер мен тұрақты бақылау — осы мамандықтың күнделікті тіршілігі. Аңшылық шаруашылығы саласында еңбек етіп жүрген барша маманды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті болып, табиғатымыз бен жануарлар дүниесін қорғаудағы жұмыстарыңызға табыс тілейміз!









