Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларының жұмысы туралы

    Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру бойынша әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларының жұмысы туралы

    Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды Департаменттің әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бекіткен профилактикалық бақылау және қадағалау объектілерінің тізімі негізінде жүзеге асырады.

    Сонымен қатар, әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар жеке және заңды тұлғалардың өтініштері негізінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоспардан тыс тексерулер жүргізеді.

    Мемлекеттік бақылау шеңберінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі 2026 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша облыста Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі талаптарының сақталуына қатысты 20 профилактикалық бақылау, сондай-ақ азаматтардың өтініштері негізінде мүгедектігі бар адамдар үшін объектілердің қолжетімділігі мәселелері бойынша 5 жоспардан тыс тексеру жүргізді.

    Тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы 19 нұсқама берілді. Нұсқамалардың орындалу мерзімі Департамент мамандарының тұрақты бақылауында.

    Ағымдағы жылғы 1 шілдеден бастап әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторлары жаңадан пайдалануға берілетін объектілерді халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі шешімдер мен іс-шаралардың орындалуы бөлігінде сәйкестік декларацияларын келісу мақсатында тексеру жұмыстарын жүргізуде.

    Бұдан басқа, лицензия береді. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторлары ұйымдардың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия алу үшін берген өтініштерін қарайды және оларды келісу үшін Комитетке жолдайды. Өтініштер келісілген жағдайда, Комитет арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары