В ШЫМКЕНТЕ ПРЕСЕЧЕНА ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПОДПОЛЬНОГО ЦЕХА ПО ПРОИЗВОДСТВУ КОНТРАФАКТНЫХ СТРОИТЕЛЬНЫХ СМЕСЕЙ

    В ШЫМКЕНТЕ ПРЕСЕЧЕНА ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ ПОДПОЛЬНОГО ЦЕХА ПО ПРОИЗВОДСТВУ КОНТРАФАКТНЫХ СТРОИТЕЛЬНЫХ СМЕСЕЙ

    ШЫМКЕНТТЕ КОНТРАФАКТІЛІК ҚҰРЫЛЫС ҚОСПАЛАРЫН ШЫҒАРАТЫН АСТЫРТЫН ЦЕХТЫҢ ЖОЛЫ КЕСІЛДІ

    ​Шымкент қаласының Әділет департаменті Полиция департаменті және Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, заңсыз өнім шығаратын астыртын цехтың қызметін тоқтатты.

    ​Заңсыз өндірісте «Alina Group» компаниясына тиесілі «Alinex Glad» брендімен құрғақ құрылыс қоспалары, сондай-ақ «Қайсар» және «Крепость» кафель желімдері дайындалған.

    ​Тексеру шаралары барысында қызметкерлер аталған тауар белгілері заңсыз басылған 860-тан астам қап контрафактілік өнімді тәркіледі.

    ​Бүгінгі таңда жиналған материалдар кінәлі тұлғаларды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 158-бабы («Бөтен тауар белгісін, қызмет көрсету белгісін, тауар шығарылған жердің атауын немесе фирмалық атауды заңсыз пайдалану») бойынша жауапкершілікке тарту үшін сотқа жіберілді.

    ​Өңірде контрафактілік өнімнің заңсыз айналымына қарсы бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасады.

    ​

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары