Жайнақ батыр ауылында жаңа жылдамдық бәсеңдеткіші орнатылды

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Жайнақ батыр ауылында жаңа жылдамдық бәсеңдеткіші орнатылды

    Жайнақ батыр ауылында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру мақсатында жаңа жылдамдық бәсеңдеткіші (жол кедергісі) орнатылды.

    Жайнақ батыр ауылы арқылы өтетін, облыстық маңызы бар Сарыөзек-Қарабұлақ тас жолымен көлік ағыны жыл өте артуда. Аталған нысан көлік жүргізушілерін белгіленген жылдамдықты сақтауға шақырып, әсіресе ауыл ішіндегі Балпық би мен Ескелді би көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Жол кедергісін орнату жұмыстары барысында арнайы құрал-жабдықтар қолданылып, нысан жолдың тиісті бөлігіне орналастырылды.

    Жергілікті тұрғындар үшін бұл жұмыстардың маңызы зор. Себебі көлік жылдамдығын төмендету — жол-көлік оқиғаларының алдын алудың және ауыл көшелеріндегі оқушылардың қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тәсілдерінің бірі.

    Жолдағы қауіпсіздік — баршамызға ортақ жауапкершілік!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары